Түркияда жүк көлігі суға құлап, 22 адам ажал құшты

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның батысындағы Измир провинциясында заңсыз мигранттарды тасымалдап келе жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 адам ажал құшқан, оның ішінде кішкене балалар да бар. 13 адам жарақаттанған.

Көлік апаты Мендерес ауданында болған. Айдын-Измир автожолымен келе жатқан жүк көлігі Дегирменчай өзеніне құлаған.

Апат болған жерге жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Соңғы жаңалықтар