Түркияда жер сілкінісінен кейін 212 сағат өткенде 77 жастағы әжей құтқарылды

None
АСТАНА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның Адыяман провинциясында жер сілкінісінен кейін арада 212 сағат өткенде үйінді астынан 77 жастағы әйел шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фатма Гунгёр есімді кейуана провинция астанасында құлаған ғимарат үйінділері астынан табылған.

Қарт әйел ауруханаға жатқызылды.

Әйелдің туыстары құтқарушыларға шын жүректен алғысын айтты.

Түркияда жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 35 мыңнан асты.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарын еске алу үшін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Елдің барлық аумағында мемлекеттік ту жартылай түсірілді.

Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.


Фото: aa.com.tr


Соңғы жаңалықтар