Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+17+19℃
  Jańalyqtar  >

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48 мыңнан асты

2023 жылғы 15 наурыз, 08:38

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия вице-президенті Фуат Октай төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Ол 2023 жылдың 6 ақпанында болған жер сілкінісінің салдарынан Кахраманмарашта 48 448 адамның қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Вице-президенттің айтуынша, 3 мыңнан астам құтқарушы апат аймақтарында әлі де жұмыс жүргізіп жатыр.

Апат аймағында 1 миллион 805 мың 842 ғимарат тексеріліп, 653 мың тұрғын үй апатты және орташа зақымданған деп танылған.

Қоқыстың 20 пайызы шығарылды.


Автор:

Смағұлова Еркежан

Новости по теме