Түркияда жер сілкінісі жағдайында ауқымды оқу-жаттығу өтті

None
АСТАНА. Анадолы-ҚазАқпарат - Хабарлама телеарналар мен радиоларда таратылды, ал оқу-жаттығу барысында қала тұрғындары алдын ала белгіленген сенімді жерде «мықтап ұста» қозғалысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратты іздеу және тарату жүйесіндегі (HAY) хабарландырулар мешіттер мен муниципалитеттердің дауыс зорайтқышы арқылы таратылды.

Жаттығу кезінде дүрбелең болмас үшін сиреналар қосылмады.

Жаттығу басталмас бұрын елдің ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу тікелей эфирде Дюздже, Ыстанбұл, Измир, Элязыг, Кахраманмараш, Эрзурумнан губернаторлар мен аймақ басшыларынан ақпарат алды.

Тікелей эфирде Дюздже провинциясының мүфтиі Рүстем Жан 1999 жылы 12 қарашада болған жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін дұға етті.

Шара басталар алдында AFAD басшысы Юнус Сезер оқу-жаттығу туралы толық ақпарат берді.

18.57 кезінде жер сілкінісі туралы ескерту жарияланды, AFAD орталығында да, байланыс орнатылған провинцияларда да қатысушылар «мықтап ұста» қозғалысын жасады.

Оқу-жаттығу шеңберінде апат кезінде және одан кейін не істеу керектігі туралы ақпарат стендтер мен көлікте таратылды, онда апат салдарын жою туралы толық ақпарат бар.


Фото: Анадолы агенттігі
Соңғы жаңалықтар