Түркияда жараланған Беларусь дипломатына ота жасалды, жағдайы ауыр

None
None
МИНСК. БЕЛТА - ҚазАқпарат – Жарақат алған Түркиядағы Беларусь елшілігінің кеңесшісіне ота жасалды, дипломаттың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Беларусь СІМ баспасөз хатшысы – ақпарат және цифрлық дипломатия басқармасының басшысы Анатолий Глаз осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

«Түнде Беларусь елшілігінің кеңесшісіне шұғыл түрде ота жасалды. Барлығы сәтті өтті. Қазіргі уақытта ол госпитальде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр», - деп атап өтті Анатолий Глаз.

Еске сала кетсек, 24 шілде күні кешкісін Түркиядағы Беларусь елшілігінің кеңесшіне үйіне қайтып келе жатқан кезде белгісіз біреу оқ атқан. Дипломат баласымен бірге болған, ол зардап шеккен жоқ. Шабуылды бұрын әскери қызметші болған психикалық ауытқуы бар адам жасаған. Қылмыскер шабуыл жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Demiroren агенттігінің ақпараты бойынша, шабуылдаушы дипломаттың көршісі болған. Ол дипмиссия қызметкеріне екі рет оқ атқан.

Соңғы жаңалықтар