Түркияда вагон рельстен шығып кетті: 10 адам қаза болып, 73-і жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Текирдаг провинциясында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетіп, аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Текирдаг провинциясының Чорлу ауданында болды. Пойыз Капикуле-Ыстанбұл бағытына бет алып келе жатқан.
Түркия денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Эюп Гмюштің сөзінше, алдын ала мәлімет бойынша апат салдарынан 10 адам қаза болды. Тағы 73-і жарақаттар алды.
Елдің Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға жауын-шашыннан топырақтың жұмсаруынан болған.
Куә болғандардың айтуынша, ажал құшқандар мен зардап шеккендер өте көп.
«Зардап шеккендер көп. Оқиға орнына жерге жету қиын болғандықтан арнайы техника жұмылдырылды. Жарақаттанғандардың дені эвакуацияланды. Апат өткінші жаңбырлар салдарынан болғаны туралы ақпарат бар. Таяу уақытта министрлік бұған қатысты мәлімдеме тарататын болады», - деді Текирдаг губернаторы.
Түркия үкіметі де Текирдагтағы теміржол апатынан көптеген адамдар мерт болып, зардап шеккенін растады.
Оқиға жөнінде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырым хабардар етілді.
Жарақаттанғандарды эвакуациялау үшін әскери тікұшақтар аттандырылды.
- Дәрігер коронавирустың адам өкпесіне тигізетін әсері туралы айтты
- Ангель Меркель партиясына Армин Лашет басшылық жасайды
- Кабулда көлікті жарып жіберген, екі полицей қаза тапты
- ДДҰ шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясын талап ету міндетті емес деп санайды
-
Коронавирус бойынша әлем елдеріндегі ахуал
-
Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты аурухана-изолятор салына бастады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам