+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Түркияда Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылды

2018 жылғы 25 қазан 16:37
Бөлісіңіз:
Түркияда Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Анталья қаласында «XIII Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері» атты халықаралық форумы өтті. Жібек жолының бойында орналасқан мемлекеттердің туризм саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға әлемнің дамыған 30 елінен 200-ге жуық өкіл қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт күнге созылған жиында қатысушылар туризм саласының жаһандануын, экономикалық әріптестік пен мәдени тәжірибе алмасуды нығайту мәселелерін кеңінен талқылады. Халықаралық шараға Қазақстанның атынан Түркістан облысының делегациясы қатысты. Жұмысшы топты бастап барған тарихшы, ғалым Саттар Мәжитов бұл форум мемлекеттер арасындағы іскерлік байланысты орнатуда таптырмас алаң екенін айта келе, жиында көтерілген мәселелерді қолдайтынын жеткізді. Өз кезегінде Анталья қаласының мэрі Мендерес Турель, көне қаланың туристік әлеуетіне қызығушылық танытып, форумға қатысқан Түркістан облысының өкілдеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, тарихи - мәдени мұраларға бай өңірді дамытуға Қазақстан ғана емес, күллі түркі әлемі ниетті екенін де жеткізді. Яғни, форумға қатысушылар өңірдің туристік әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, Түркістан қаласына келетін шетелдік қонақтардың саны уақыт өткен сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылы 1 млн. 160 мың турист шаһарға табан тіреген болса, биыл 8 айдың өзінде 900 мыңға тарта қонақ жеткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT