Түркияда теңіз деңгейінен 2 625 метр биіктікте қой қырқудан жарыс өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Ширнак провинциясының Фарашин жайылымында қой қырқудан жарыс өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Теңіз деңгейінен 2 625 метр биіктікте өткен шараға жан-жақтан туристер ағылды.

Фестивальды елдің мәдениет және туризм министрі Ахмет Халук Дурсун ашты. Оның айтуынша, Түркияның оңтүстік-шығысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға және туристерді көбірек тартуға жағдай жасайды.

Ширнак губернаторы Мехмет Акташтың сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы - өңір экономикасының өзегі.

«Қой қырқу» фестивалі - Түркияның оңтүстік-шығысындағы дәстүрлер мен мәдениеттің көрінісі, достық пен ынтымақтың символы", - деді Акташ.

Айта кетейік, Түркия оңтүстік-шығысында Сириямен және Иракпен шектеседі.

null

Соңғы жаңалықтар