Түркияда тағы жер сілкінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның Кахраманмараш қаласының маңында 4,8 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) айтуынша, 4,8 балдық жер сілкінісі Түркияның орталық бөлігінде тіркелген. Жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 07.18-де Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің эпицентрі – Кахраманмараш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде тіркелді, тереңдігі 10 шақырым», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды. Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.

Қазақстан құтқарушыларының екінші тобы Газиантеп қаласына жетті.

Бұл ұшақ қайтар жолда Қазақстан мен Қырғызстанның 64 азаматын эвакуациялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдап, Түркияда жұмыс істеп жатқан Қазақстан құтқарушыларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге киіз үй алуға 18 млн теңге жинап берді.

Қазақстандық Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылған еді. Сабинаның қолы сынған және ауруханаға жеткізілді.


Фото: www.aa.com.tr


Соңғы жаңалықтар