Түркияда тағы да күшті жер сілкінісі болды

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның Маниса провинциясындағы Кыркагач ауданында магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркия үкіметі жанындағы(AFAD) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы сайтының хабарлауынша, жер асты дүмпуі 28 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 14:26-да тіркелген.

Зілзала ошағы 7 километр тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін 4 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 20:55-те Түркияның шығысында 6,8 балдық жер сілкінісі болған еді.

41 адам қаза тапқанын жерасты дүмпуінің ошағы Сивридже уезінің Элязыг провинциясында орналасқан.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, зілзаладан кейін магнитудасы 4 балл және одан да жоғары 228 афтершок тіркелген.


Соңғы жаңалықтар