Түркияда тағы 5,3 балдық зілзала тіркелді

None
АСТАНА. Анадолы -ҚазАқпарат – Түркияның Адыяман провинциясында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Сілкініс эпицентрі Гөлбашы ауданында болған, ошақ 8,13 км тереңдікте жатқан.

«Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адыяман провинциясында 5,3 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы сейсенбі, 7 ақпанда Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Түркия басқармасы (AFAD) хабарлады. Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша таңғы 06.13-те тіркелді», - деп жазылған Анадолы сайтында.

Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.

Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.


Фото: aa.com.tr



Соңғы жаңалықтар