Түркияда Сүйінбай Аронұлының шығармалары топтастырылған кітаптар жарық көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қатысуымен қазақ ақыны Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырылып түрік және басқа да аты әйгілі қазіргі заманғы поэзияның шетелдік өкілдерінің пікірлері қосылған түрік тіліндегі ақын шығармалары топтастырылған кітаптар жарық көрді, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.

«Сүйінбай Аронұлы» атты кітапқа түрік тіліне аударылған ақынның шығармалары енгізілді. Еуразиялық жазушылар одағының Төрағасы Якуп Өмероғлу кітапқа: «Ақынның шығармашылығындағы пайдаланылған сөздердің түрік лексикасымен ұқсастық бар, деп пікірін жазған. - Түрік лексикасындағы сөздер заман өте келе түрленіп өзгеруде. Сүйінбай Аронұлы кітаптарының түрік тіліндегі басылымы оқырмандарға түркі мәдениетімен жақындасуға көптеген мүмкіндіктер береді».

Басылымдардың арасында Еуразия кеңістігінің «Бауырлас қыл қаламдар» (Kardeş Kalemler) атты айлық әдебиет журналының арнайы шығарылымы жарық көрді. Оған ақынның таңдаулы шығармаларымен қатар, Қазақстанның, Түркияның және Еуразия кеңістігінің басқа да елдерінің ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдарының мақалалары енгізілген.

Журналда үстіміздегі жылғы маусым айында Түркия астанасының ең ірі аудандарының бірі Кечиөренде Сүйінбай Аронұлы атындағы парктің ашылу салтанаты өткені туралы баяндалды. Салтанатқа Кечиөрен әкімі Мұстафа Ақ, Алматы облысының Әкімі Амандық Баталов, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті жөніндегі халықаралық ұйымның бас хатшысы Дүйсен Қасеинов, Түркия парламентінің депутаттары, академиялық топтардың, көркемөнер зиялыларының өкілдері, қала қоғамдастығының басқа да салаларының қайраткерлері қатысты.

Елші Жансейіт Түймебаев кітаптарға жазған пікірлерінде Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығы халықаралық деңгейде тойлануының маңыздылығын атап өтті. Қазақ ағартушы ақынының бұл шығармаларының түрік оқырманы үшін екі бауырлас елдің арасындағы көне заманнан бастау алып жатқан байланыс туралы ойларды жеткізе алатынына сенім білдірді. Осыған іспеттес кітаптардың басылымы елдер мәдениеттерінің, өнерлерінің және әдебиеттерінің арасындағы ортақ рухтың бар екендігін білдіреді.

Басылымдар Түркияның академиялық институттары арасында таратылады.

Соңғы жаңалықтар