Түркияда «Шетелдік студенттер кездесуі» ұйымдастырылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркия Үкіметі жанындағы Шетелдік түркі халықтары және туыстас қауымдастықтары басқармасының (Yurtdışı türkler ve akraba topluluklar başkanlığı) ұйымдастыруымен Түркияның тіл үйрену орталықтарында және жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған «Шетелдік студенттер кездесуі» болып өтті.

Іс-шараға Түркия Вице-премьері Бекир Боздақ,  Ұлттық білім беру министрі Өмер Динчер, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, Түркияда тіркелген дипкорпус, қоғамдық және ғылыми-академиялық топтар, сондай-ақ Түркия СІМ өкілдері қатысты.

Басқосуда сөз алған Шетелдік түркі халықтары және туыстас қауымдастықтары басқармасының басшысы Кемал Юртнач ЮНЕСКО мәліметтері бойынша әлемде 3 млн. 400 мыңнан астам шетелдік студент, ал Түркияда 147 елден келген 26 мың студент оқып жатқанын, оның 11 мыңы мемлекеттік стипендиаттар болып табылатын атап өтті. Ол сондай-ақ бұдан әрі де шетелдік студенттер санының көбейтілетінне назар аударды.

Өз кезегінде Вице-премьер Бекир Боздақ қазіргі таңда шетелдік студенттердің жылына бір рет өз елінен Түркияға және кейін қайту бойынша халықаралық ұшу шығыстарын төлеу мәселесінің қаралып жатқандығы туралы хабар берді. Бұл студенттердің үлкен қызығушылығын туғызды. Бұдан басқа, ол қазіргі заманның даму ерекшеліктерін ескере отырып, өз азаматтарына ғана емес, сондай-ақ шетел азаматтарына да қызмет көрсету және де олармен бірлесіп ғылымға, өнерге және басқа да салаларға үлес қосу үшін Түркия үкіметінің «Түркия стипендиялары» атты бағдарламаны бастағанын айтты. Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуын Шетелдік түркі халықтары және туыстас қауымдастықтары басқармасы үйлестіретін болады. Сондай-ақ стипендиялардың көлемі ұлғаймақ. 

Іс-шарада сондай-ақ үш студент, оның ішінде Қазақстаннан келген, Анкара университетінің магистратурасында оқитын Меруерт Памбетова да сөз сөйледі. М.Памбетова шетелдік студенттерге Анкара қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жүру билетін алу, сондай-ақ студенттер үшін жыл сайынғы квотаны көбейту  мүмкіндіктерін қарастыру жайлы  тілектерін білдірді.

Іс-шара барысында түрлі елдерден келген студенттер дәстүрлі халық билерін биледі, халық аспаптарының сүйемелдеуімен әндер айтты.

Соңғы жаңалықтар