Түркияда сегіз елден келген жолаушыларды 14 күн карантинде ұстайды

None
None
ЫСТАНБҰЛ. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат. Мұндай шешім соңғы екі апта ішінде осы елдерге барған адамдарға да қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы, Үндістан, Непал, Пәкістан және Шри-Ланкадан Түркияға барғысы келетін жолаушылар, сондай-ақ соңғы 14 күн ішінде осы елдерге барып қайтқан адамдар ПТР тестін келерден 72 сағат бұрын тапсыруы керек.

Бұл адамдар Түркиядағы жергілікті әкімшіліктер арнайы бөлген орындарда 14 күн карантинге орналастырылады. Осындай ақпаратты Түркия Республикасының ресми билігінің деректеріне сілтеме жасай отырып, Turkish Airlines сайтына жариялады. Осы шешімге сәйкес Бразилия мен Оңтүстік Африка Республикасымен әуе қатынасына тыйым алынып тасталды. Сонымен қатар, Ұлыбритания, Иран, Египет және Сингапурдан келген жолаушылар ПТР тестін ұшар алдында 72 сағат бұрын тапсыруы тиіс.


Соңғы жаңалықтар