Түркияда сайлауға қатысушылардың саны 78 пайызды құрады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияның Анкара және Ыстамбұл қалаларындағы №230, №133 сайлау учаскелерінде, кеше жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін

 Қазақстан Республикасының кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына дауыс берушілер қатары үзілген жоқ.

Өйткені сайлауға құқығына ие азаматтарға, оның басым бөлігін Түркияда білім алып жүрген студенттерден құралатын сайлаушыларға барлық саяси партияларға байланысты толық ақпарат берілген болатын, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.

Анталия және Бурса қалаларында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Парламенттік сайлауға қатысуды ұйымдастыру үшін  Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініш жасаған.

Осыған орай Қазақстан азаматтарының еліміздің саяси өміріне барынша белсенділікпен атсалысу мақсатында,  №133 сайлау учаскесінен аталған қалаларға арнайы жылжымалы сайлау жәшіктері жеткізілді.

Анкара сайлау учаскесіне де Түркияның Эскишехир, Конья, Кайсери сияқты қалаларынан келген  ҚР азаматтары дауыс беру құқығы қолданды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 738 Қазақстан азаматы дауыс берген, бұл сайлаушылардың жалпы санының 78% құрап отыр, деп хабарлайды ҚР Түркиядағы Елшілігі.

Бұл өз кезегінде Түркиядағы Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу белсеңділігінің үлкен азаматтық борышының көрсеткіші.

Соңғы жаңалықтар