Түркияда Рим императорлары демалатын жазғы үйлердің қираған үйінділері табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриялық археологтар Түркиядан 1,9 мың жыл бұрын тұрғызылған Рим императорлары үйлерінің қираған үйінділерін тапты.

Haaretz басылымы хабарлағандай, табылған үйлердің бірі империяны 161-180 жылдары басқарған Марк Аврелияға тиесілі болып шықты.

Ғалымдар қираған үйінділер орналасқан жерден шарап өндірісінде сыққыш ретінде қолданылған мәрмәр тақталарды  және балшықтан жасалған ыдыстардың іздерін тапты.  

Зерттеушілердің пікірі бойынша, римдік билеушілер мұндай үйлерді шарап және балшық өнімдерін әзірлеп, экспорттау үшін  әрі демалыс үшін де пайдаланған. 

Соңғы жаңалықтар