Түркияда Ресей елшісінің өлтірілуі бойынша тергеу аяқталды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия астанасы Анкарада Ресей Федерациясының елшісі Андрей Карловтың өлтірілуіне қатысты істі тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, дипломатқа қастандық жасау ісіне тергеу жүргізген прокурор Адем Акынджи айыптау қорытындысын әзірлеп, Анкараның Республикалық прокуратурасына бекітуге ұсынды.

Акті бекітілген жағдайда іс сотқа жолданатын болады.

Еске салайық, Анкарадағы Ресей елшісі Андрей Карлов 2016 жылы 19 желтоқсан күні «Ресей түріктердің көзімен» атты көрменің ашылу рәсімінде өлтірілген болатын. Шараны Анкарадағы РФ елшілігі мен Чанкая ауданы муниципалитеті бірлесіп ұйымдастырған.

Полиция оқ атқан қылмыскер сол жерде атып өлтірді. Дипломат ауыр оқ жарақаттары салдарынан қаза болды.

Істі тергеу барысында бүгінгі күнге дейін бірнеше адам қамауға алынды. Олардың арасында Guru медиа-тобының басшысы Хайреддин Айдынбаш және көрмені ұйымдастырушы Мұстафа Тимур Озкан бар.

 

Соңғы жаңалықтар