Түркияда президенттік сайлау заң жобасы бабына «11 Президенттің 7 жылдық қызмет сүресі» жөнінде уақытша пункт енгізетін болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 11 қаңтар . ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы Парламентінің Конституция бойынша шағын комиссиясы Президенттік сайлау заң жобасы бабына «11 Президенттің 7 жылдық қызмет сүресі»  жөнінде уақытша пункт енгізуді шешім қабылдады

Шағын комиссия төрағасы, Ыстамбұл депутаты Мұстафа Шентоп аталмыш заң жобасы бойынша жұмыстың аяқталғанын білдіріп, еңгізілген өзгертулерге байланысты БАҚ-қа мәлімдеме жасады.

Шентоп өткен Парламенттік сессиядағы Конституциялық комиссияның мақұлданған заң жобасының мәтініне еңгізілген өзгертулерін атап өтті.

Заң жобаға «11 Президенттің қызмет сүресі -7 жыл »  деген уақытша пункт еңгізілді.

«Заң жобаның 3 тармағында Президенттің қызмет сүресінің жалпы ережелері айтылған болатын. Түркияның 11 Президенті болса, бұл ережелердің тысында есептеледі.

Бұрын Президентті Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы 7 жылға сайлайтын және Президенттің екінші рет қайта сайлау мүмкіндігіне ие бола алмайтын еді. Жасалған жаңа енгізуде халық тарапынан 5 жылға сайланып, екінші рет қайта сайлау құқығына ие бола алады.

Бұл тұрғыда қазіргі Түркия Президенті ескі заңнамаға бағынатын болғандықтан  жаңа Президенттік сайлау заң жобасында жазылған қаулының тысында қалды»,- деді М.Шентоп.

Соңғы жаңалықтар