Түркияда президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

Фото:
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияның Жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші кезеңінің алдын ала қорытындысын жариялауға тыйымды алып тастады. Бұған дейін жазғанымыздай, ол Астана уақытымен сағат 21.00-де алынады деп күтілді, деп хабарлайд ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Осы уақытта ашылған жәшіктер саны – 56,12%, Режеп Тайип Ердоған – 55,71%, Кемаль Кылычдароглу 44,29% дауыс жинады.

Өзге алдын ала мәліметтер бойынша, бюллетеньдердің 21% саналды:

Anka ақпарат агенттігі:

Кылычдароглу – 50,78%

Ердоған – 49,22%

Анадолы агенттігі:

Кылычдароглу – 39,3%

Ердоған – 60,7%

Еске салайық, бүгін Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті.

14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады: Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.
Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс.
Соңғы жаңалықтар