Түркияда президент сайлауы аяқталды

None
Фото: aa.com.
АНКАРА. ТАСС – ҚазАқпарат – Түркия президентін сайлаудың екінші кезеңін өткізу үшін ашылған дауыс беру учаскелері жексенбі күні, жергілікті уақытпен сағат 17.00-де (Астана уақытымен 20.00-де) жабылды. ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ел ішінде және өзге мемлекеттерде барлығы 191,8 мың жәшік орнатылды. Сайлау учаскелері бүгін, сағат 08.00-де ашылған болатын. Дауыс беру аяқталысымен Түркияның Жоғары сайлау кеңесі (орталық сайлау комиссиясы) бюллетеньдерді санауға бірден кіріседі. Күтіліп отырғандай, аздаған уақыттан соң алдын ала қорытындыны жариялауға тыйым алынатын болады.

Дауыс беру құқығына ел ішіндегі және одан тысқару аумақтарда тұратын 64 млн түрік азаматы ие. Шет мемлекеттерде сайлау 24 мамыр күні аяқталды, бюллетеньдер Анкараға жеткізілді. Дауыс беру аяқталған соң оларды да санау басталады.

Президент сайлауы республиканың 81 провинциясында айтарлықтай құқық бұзушылықсыз өтті. Тәріпті 600 мыңнан астам полиция және жандармерия қызметкері қадағалады.

Іс басындағы президент Режеп Тайи Ердоған Ыстанбұлда дауыс берді. Оның қарсыласы, оппозициядан кандидат Кемаль Кылычдароглу өз таңдауын Анкарада жасады.

Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс.

14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады: Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.


Соңғы жаңалықтар