Түркияда пойыз автомобильмен соқтығысып, үш адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның батысында пойыз бен автомобильдің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты.

Жол апаты Герменджик қаласында болған, деп хабарлайды Haberturk. Теміржол өткелінде пойыз машинаны басып кеткен. Көліктегі үш адам оқиға орнында қаза тапты.

Мәліметтерге қарағанда, тағы үш адам  жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген. Екеуінің жағдайы өте ауыр.

Соңғы жаңалықтар