Түркияда полиция учаскесі жанында тұрған тракторды жарып жіберді, қаза тапқандар бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысындағы Агры провинциясының полиция учаскесінің жанында болған жарылыс салдарынан кем дегенде екі әскери қызметкер қаза тауып, 24-і жарақат алды, деп хабарлайды жергілікті билік көздеріне сілтеме жасаған Ассошиэйтед Пресс.

Оқиға Түркия мен Иран шекарасына таяу орналасқан Догубаязит қаласы маңындағы әскери полиция учаскесіне жақын жерде орын алған. Күрдістан Жұмысшылар партиясының (КЖП) содырлары тракторды 2 тонна жарылғыш затпен жарып жіберді. Жарылыс құрылыстарға айтарлықтай зиян келтірді. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді», деп жазады РИА «Новости».

Түркия қарулы күштері Сирияның солтүстігінде ИМ позицияларын, Ирактың солтүстігі мен Түркияның оңтүстік шығысында КЖП-ның позицияларына шабуылдап жатыр. Соққылар Түркияның шекара маңындағы аумағынан F-16 жойғыштарымен, сондай-ақ танктер мен артиллериядан жасалуда. Оған жауап ретінде КЖТ өз сайтында Анкарамен бітімге келу «өз мәнін жоғалтқанын» мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар