Түркияда орта ғасырда салынған ғимарат көшірілді

None
None
БАТМАН. ҚазАқпарат - Түркияда орта ғасырларда салынған «Артуклу» моншасын басқа жерге көшірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

ХІІ ғасырда салынған ғимарат тұтастай көшіріліп, Батман провинциясындағы Хасанкейф мәдени бағына жеткізілген.

Батман провинциясының губернаторы Ахмет Дениздің айтуынша, Түркияның оңтүстік-шығысында «Илису» су қоймасының салынуына байланысты сол маңдағы мәдени мұралар басқа жерге көшіріліп жатыр.

«Мемлекет мәдени мұралар мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сондықтан, стратегиялық маңызы бар жоба аймағындағы тарихи ғимараттарды басқа жерге көшіріп жатыр», - дейді ол.

Губернатордың сөзіне қарағанда, тағы да жеті тарихи мұра нысаны көшірілмек. Олардың барлығы бір жерге жиналып, Хасанкейфте туризмді дамытуға үлес қосады.

Түркия Мемлекеттік сумен қамту жөніндегі басқармасының директоры Мурат Аджудың айтуынша, 2017 жылғы 12 мамырда 555 жыл тұрған Зейнел бей моласы көшірілген.

Соңғы жаңалықтар