Түркияда өрт сөндіруші ұшақ апатқа ұшырады

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Бүгін Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмарас провинциясында Бериев-200 типті өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе кемесінің бортында экипажбен бірге жеті адам болған.

Амфибиялық ұшақ Түркияның Орман шаруашылығы басқармасының балансында болған.

Кахраманмараш провинциясының губернаторы Фарук Джошкун Анадолыға берген сұхбатында ұшақтың Алмалы аймағындағы өртті сөндіруге қатысқанын айтты.

«Авиация найзағайдың әсерінен орманда басталған өртті сөндіруге қатысты. Көп ұзамай ұшақпен байланыс үзіліп, ол жерге құлаған. Апат болған жерге құтқару топтары жіберілді «, - деді Джошкун.

Соңғы жаңалықтар