Түркияда орман өрті қонақүйге тарады

Фото: None
МҰҒЛА. ҚазАқпарат – Жұма күні Түркияның Мұғла провинциясында Эгей теңізіндегі Мармарис курорттық қаласының маңындағы Ичмелер ауданында орман өрті шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Екпінді желден жалын қонақүй аумағына тарады. Бұл мекеме туризм секторында жұмыс істейтін студенттерді оқытуға арналған мектеп ретінде де қызмет етеді. Сондай-ақ тұрғын үй алаптарының айналасы отқа оранды.

Өртті сөндіру үшін Мұғла аймақтық орман шаруашылығы басқармасының жасақтары мен өртке қарсы авиация – 5 ұшақ пен 7 тікұшақ жұмылдырылды.

Ал Францияда жұма күні Аркашон бассейніндегі Ла-Тест-де-Бюште 7000 гектар орманды өрт шарпыды. Жалынның таралуы қазіргі уақытта бақылауға алынған, бірақ толық сөндірілген жоқ.

Францияның биоәртүрлілік басқармасының (OFB/French Biodiversité Office) командасы В оклюз аймағындағы құрғақшылыққа байланысты суды үнемді пайдалану туралы ескерту үшін жеке адамдар мен фермерлерді аралап жүр.


Видеодан алын ғ ан кадр



Соңғы жаңалықтар