Түркияда Наурыз мейрамы кеңінен тойланды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен және қатысуымен Түркияның түрлі қалаларында көктем мерекесі - Наурыз кеңінен атап өтілді.

Мерекелік іс-шаралар Ескишехир, Қожаелі, Измир, Маниса, Салихли, Денизли, Невшехир, Анкара және Ыстамбұл қалаларында, сондай-ақ «Гази», «Хажеттепе», «Невшехир», «Чанкая» университеттерінде және т.б жерлерде өткізілді. Оларға провинциялар мен қалалардың басшылығы, университеттер ректорлары, Анкарада тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері, мәдениет пен өнер қайраткерлері, жұртшылық, академиялық топтар, қазақ диаспорасы өкілдері мен Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттер қатысты.

Мерекелік іс-шараларда ұлттық әдет-ғұрыптар көрсетілді, олардың ішінде ұстаның темір соғатын төсіне балғамен ұру, оттың үстінен секіру және т.б. бар. Сондай-ақ олардың барысында Ниде, Маниса провинцияларындағы қазақ ауылдарындағы диаспора өкілдері қатысушыларға ұлттық тағамдардың, тәттілердің және қымыздың дәмін татқызды. Іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның жетістіктері туралы суреттер және Елшілік түрік тіліне аударған Мемлекет басшысының таңдамалы туындыларының бестомдығы, ҚР Президенті Жолдауының мәтіндері бар брошюралар және «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы» кітаптарының көрмелері өткізілді.

Наурыз - Азияның көптеген халықтарының ең негізгі мейрамдарының бірі ретінде, солардың ішінде Түркия халықтарының үш мың жылдан астам уақыт тойлап келе жатқан мерекесі. Бұл елде соңғы жылдары Наурыз мейрамы көпшілік сипатқа ие бола бастады және жер-жерлерде тойлануда, алайда ресми демалыс күні болып табылмайды.

Түрік провинцияларының тұрғындары біздің еліміздің ұлттық мәдениетімен және өнерімен, шығармашылығымен және жетістіктерімен жақын таныса түсті.

Соңғы жаңалықтар