Түркияда күшті жер сілкінісі тіркелді

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияда магнитудасы 4,5 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Анкара провинциясының Каледжик қалашығында тербелісі 4,5 жел сілкінді. Бұл туралы Түркия Үкімет жанындағы төтенше жағдайларды болдырмау және салдарын жою басқармасы хабарлады (AFAD).

Жер дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 22:52-де тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы 12 шақырым тереңде болған.

Анкара провинциясының губернаторы Васип Шахин Twitter-дегі парақшасында әзірге апаттан зардап шеккендерге қатысты мәлімет келіп түспегенін жазды.


Соңғы жаңалықтар