Түркияда қуатты жер сілкінісі болды

None
None
ТАМБҰЛ. 24 қазан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Жексенбі күні Түркияның шығысындағы Ван қаласы маңында 7.2 баллдық тербелісті қуатты жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері жергілікті 13:41 сағатта Табанлы ауылында тіркелді, оның негізгі ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандардың саны 85, жараланғандардың саны - 500-1000 аралығында болуы мүмкін.

Эржиш уезіндегі Ван қаласында елуге жуық ғимараттар қирап, аймақтың көптеген тұрғындары баспанасыз қалды. Зілзала ошағына айналған аймақ электр желі мен газдан үзіліп, Табанлы ауылының төңірегіндегі жолдар толығымен істен шықты.

Құтқару жұмыстары мен елді мекенді тазалау іс-шараларына Түркияның қалаларынан полиция қызметкерлері мен құтқару топтары тартылды. Зілзаладан зардап шеккендердің саны өсуде.

Зілзала толқындары Армения, Грузия, Иран сияқты көрші мемлекеттерде де сезілген болатын.

Ван қаласындағы жер сілкінісіне байланысты көптеген мемлекет басшылары көңіл айтып, Түркияға көмек көрсету тілегін білдірді.

Соңғы жаңалықтар