Түркияда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі орталық «ТРТ» мемлекеттік телеарнасы бойынша көрсетіледі

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің жәрдемімен бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне орталық «ТРТ» мемлекеттік телеарнасы бойынша Н.Назарбаевтың балалық шағы мен жасөспірім жылдарына арналған «Балалық шағымның аспаны» ("Çocukluğumun Gökyüzü") көркем фильмі көрсетіледі.

Фильмнің түрік тіліндегі дубляжы Қазақстан Елшілігінің тапсырысы бойынша жасалды. Дубляжды дыбыстауға белгілі түрік актерлары қатысты. «ТРТ» телеарнасы Түркияда ғана емес, әлемнің 50 елінде, соның ішінде Қазақстанда хабар таратады.

Фильмнің премьерасы бұдан бұрын Түркиядағы кино апталығы шеңберінде Түркия кинотеатрларында көрсетіліп, үлкен табысқа ие болған еді. Бүгін Түркияның және шетелдердің миллиондаған телекөрермендері аталған фильмнің теленұсқасын көру мүмкіндігіне ие болады.

«Балалық шағымның аспаны» көркем фильмінің көрсетілімі түрік көрерменінің Қазақстанмен, сондай-ақ Түркияда «бүкіл түркі әлемінің көшбасшысы» деп орнымен атайтын оның Тұңғыш Президентімен толығырақ танысуына және түсінуіне ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар