Түркияда коронавирустан көз жұмғандар саны рекордтық деңгейге жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияда COVID-19 туындаған өлім-жітімнің тәуліктік рекорды жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ведомствоаралық комиссияның telegram каналына сілтеме жасап.

Түркияда коронавирустық инфекциямен ауырған науқастар арасындағы тәуліктік өлім көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Соңғы тәулікте 153 адам қайтыс болды.

Елде коронавирус пандемиясы екінші шыңына жетті. 22 қараша күні, елде пандемия басталғалы бергі уақыттағы бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының ең жоғары көрсеткіші анықталды – 6 017 жағдай.
Түркия мемлекетінде COVID-19 жұқтырудың 6713 жаңа жағдайы тіркелді, жалпы жұқтырғандар саны – 453 535, қайтыс болғандар – 12 511 адам. 4 409 адамның ахуалы нашар деп бағалануда.


Соңғы жаңалықтар