Түркияда коронавирустан көз жұмғандар саны 4-ке жетті

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда коронавирустың жаңа түрінен төртінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз Covid-19 диагнозы қойылған 85 жастағы пациентімізден айырылып қалдық. Өкінішке қарай, коронавирустан қаза тапқан саны төртке жетті», - деп жазды елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, Түркияда соңғы тәуліктерде 168 адам жаңадан вирус жұқтырған. Жалпы, ел аумағында қауіпті індетке шалдыққандар саны – 359.


Соңғы жаңалықтар