+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Түркияда коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар 2 жылға сотталуы мүмкін

2020 жылғы 24 қыркүйек 20:32
Бөлісіңіз:
Түркияда коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар 2 жылға сотталуы мүмкін

АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркияда коронавируспен ауырғандармен байланыста болған адамдар туралы жалған ақпарат таратқандар 3 айдан екі жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, азаматтардың белгілі бір санаты науқастарды, әсіресе жеке сектор қызметкерлерін оқшаулаудың экономикалық салдарын болдырмауға үміттеніп, полиция мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен байланыстары туралы ақпаратты жасырғанды жөн көреді.

Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады және Түркияның Қылмыстық кодексінің 206-бабына сәйкес 3 айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл қарастырылған деп көрсетілген.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда коронавирус инфекциясы жағдайларының саны 308 069-ға жетті, оның 270 мыңнан астамы ауруынан айықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT