Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны азайды
2022 жылғы 23 мамыр 17:18

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда соңғы тәулікте коронавирусқа 118 852 тест тапсырылды. Оның 905-і расталды. Мыңнан астам пациент сауығып шықты, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Түркиядағы меншікті тілшісі.

Түркияның денсаулық сақтау министрі Ф.Қожа атап өткендей, Түркия, әлемнің көптеген елдері сияқты, коронавирус инфекциясымен күресті жалғастыруда және бүгінгі күнде үлкен жетістіктерге жетті. Осындай оң динамика сақталса, қазіргі кездегі коронавирусқа қарсы шектеулерді алып тастау ықтималдығы жоғары.

«Біз көптен күткен күн де келді. Бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны 905 адамға дейін төмендеді. Егер үш күн бойы ауру жұқтырғандардың саны мыңнан аз болса, қоғамдық көлікте бетперде тағу міндеттелмейді, ерікті түрде болады», - деді Түркия министрі.
Бұған дейін Түркия билігі елдегі барлық коронавирусқа қарсы шектеулер ауру жұқтырушылардың күнделікті саны мыңнан төмен болған кезде жойылуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Сақтық шараларының негізгі бөлігі осы жылдың наурыз айында тоқтатылды. Ал сәуір айының соңында тек медициналық мекемелерде және қоғамдық көліктерде ғана маскалық режимді сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл ретте мамандар 65 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдарға халық көп жиналатын жерлерде маска тағудан бас тартпауды ұсынды.


Автор: Акжігіт Чукубаев


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT