Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 47 адамға жетті

None
None
АНКАРА. АНАДОЛЫУ - ҚазАқпарат – Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вирус жұқтырған 29 жаңа жағдай туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда коронавирус жұқтырған жаңа 29 жағдай тіркелді. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 47 адамға жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Twitter-де жариялаған.

«Жаңа пациенттерді қоса есептегенде инфекция жұқтырғандар саны 47 адамға жетті», - деп жазды ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар