Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр - СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы бүгінде Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр. Анкарада - 498, Ыстанбұлда – 45, Анталияда -189 адам.

Оған қоса, соңғы мәлімет бойынша Түркияда 8219 қазақстандық студент білім алуда. Жалпы түрік тарапының мәліметінше, елде Қазақстанның 785 мыңға жуық азаматы болуы мүмкін», - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарына дәрігерлер жіберуге дайын екенін мәлімдеді.



Соңғы жаңалықтар