Түркияда конституциялық референдумда дауыс беру аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумда дауыс беру аяқталды. Өзгерістер президенттік басқару жүйесін енгізуді қарастырады. Осы уақыта дауыстарды санау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Trend.

Шығыс провинцияларында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-де басталып, өзге провиинцияларда 08-00-де басталды және сағат 16-00-де, сәйкесінше, 17-00-де аяқталды. 55 миллионнан астам түрік сайлаушылары Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша, не «иә», не «жоқ» деп жауап беруге мүмкіндік алды.

Шетелде 2 млн 929 мың 389 түрік сайлаушылары бар. Олар Түркияның әлемнің 57 мемлекетіндегі 119 дипломатиялық өкілдіктерінде дауыс бере алады. Шетелде дауыс беру шаралары 27 наурыз бен 9 сәуір аралығында өтті.

Түрік Конституциясына енгізілетін өзгерістер парламентте 330-дан астам дауыс алған болатын. Бұл референдум өткізу үшін қажетті ең төменгі деңгей. Түзетулерге сәйкес, ел парламентіндегі депутаттардың саны 550-ден 600-ге дейін өседі.

Сонымен қатар Түркия азаматтарына 18 жастан бастап, өздерінің кандидатураларын депутат лауазымына ұсынуға рұқсат ету мәселесі қарастырылп отыр. Қазіргі таңда жас шектеуі 25-ті құрайды. Парламент сайлауын қазіргі 4-тен 5 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр. Түзетулерге сәйкес, ел президенті болып, жасы 40-тан кем емес Түркия азаматы сайлана алады.

Сонымен қатар президент үкіметті басқарып, министрлерді тағайындау құзыретіне ие болады. Бұл ретте сайланған президентің партияға мүше болмауы міндетті емес. Қолданыстағы Констиуция бойынша, Түркия президенті сайланғаннан кейін қандай да бір партияның құрамында қала алмайды.

Соңғы жаңалықтар