Түркияда Конституция туралы референдум өз мәресіне жетті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Кеше Түркияда Ата Заңға кейбір өзгертулер еңгізу халық дауысына салынып, «иә» дегендер 58, 3 пайызға жетсе, «жоқ» дегендер саны 41,7 пайызды құрады.

Аталған референдумға жалпы дауыс беру құқы бар 50 миллиондай адам қатысты.

1982 жылы әскери төңкерістен кейін қабылданған Түркия конституциясына өзгерістер еңгізуді Парламент мақұлдап, Премьер- министр Режеп Тайып Эрдоған басқарған «Әділет және даму» партиясы халық таңдауына ұсынған болатын.

Түркия Үкіметі Ата Заңға 26 өзгеріс еңгізіп, әскери және сот жүйесін демократияландырып, сондай-ақ адам құқықтар мен бостандықтарын кеңейтіп, заңнаманы Еуроодақ стандарттарына жақындастыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар