Түркияда көлік қаққан қазақстандықтың халі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында жаяу жүргіншілер жолында автокөлік қағып кеткен 21 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны есін жиды. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше ол есін жиды. Қазіргі уақытта әпкесімен сөйлесіп үлгерді, таныды. Ал бұл жақсы белгі. Дегенмен, ол әлі де болса белгілі бір уақыт реанимацияда болады. Консулымыз оның әпкесімен, дәрігерлермен, полициямен үнемі байланысқа шығып отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар алдына көліктің рулінде болған Түркия азаматын кінәлі деп тану және сақтандыру компаниясынан төлем алу мақсатын қойып отыр. Сақтандыру компаниясының өтемақысы Қазақстан азаматшасының ауруханадағы шығындарын өтеуге жұмсалатын болады.

«Емдеуге күніне шамамен 3-3,5 мың доллар кетеді. Қазақстандықтың сақтандыруы ары кеткенде 13-14 мың долларға есептелінген. Осы күннің өзінде аталған лимит бітуге жақын. Сот барысында біз жол апатына кінәлі ресми айыпты деп танылады және оның сақтандыру компаниясы азаматшамыздың түрік клиникасындағы шығындарын өтей бастайды деп үміт артып отырмыз», - деді Жайнақов.

Соңғы жаңалықтар