Түркияда Қазақстанның жаңғыртушы мамандарына сертификаттар табыс етілді

None
None
СТАМБҰЛ. 19 желтоқсан . ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Халықаралық Түркі мәдениет ұйымы ТҮРКІСОЙ мен Түркияның мәдениет және муризм министрлігінің Мұражай және тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасы және Түркі дүниесінің муниципалитеттер одағының бірігіп ұйымдастыруымен, Қазақстанның жаңғыртушы мамандары үшін екі апталық оқу курстары ұйымдастырылды.

Тәжірибелік оқу барысында қазақстандық мамандар жаңғырту саласындағы соңғы технологиялық жетістіктермен танысып, түркиялық әріптестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Түркиядағы оқу курстары соңында Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайдың суретші-безендірушісі Бейіл Хан, аталған мұражай қорының қорғаушысы Ш.Батан, ҚР Президенті мәдениет орталығының суретші жаңғыртушы маманы С.Аятбеков, Қазақстан мемлекеттік мұражайының жаңғырту бөлімінің мамандары Р. Сонарбаев, Н. Жылызбаев, ҚР Президенті орталығының алтын және металл бұйымдарының жаңыртушы маманы С. Сәттібаев, Мемлекеттік «Қазжаңғырту» ұйымының маманы Ж.Үмбеталиев және суретші-безендіруші А. Радзевиловқа салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар