Түркияда Қазақстанда жасалған алып ескерткіш орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Болу қаласында қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұровтың авторлық ескерткіші қойылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіш күллі түркі әлеміне әйгілі «Көроғлы» эпосына арналған. Салмағы 500 тонна, биіктігі 70 метр. Аталған мүсінге 2016 жылы халықаралық байқау жарияланып, оған 7 мемлекеттен  9 үміткер қатысқан болатын.

null  

Халықаралық әділқазылар алқасының шешімімен ескерткішті қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұров жасайтын болды. Жобаның аннотациясын белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменов жазды. Үстіміздегі жылдың басында қолға алынған туындының бүгінде монтаждауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
null

Айта кетсек, елімізге белгілі мүсінші Мұрат Мансұров көптеген отандық туындылардың авторы, атап айтқанда, «Мәңгілік Ел» монументі (Астана, 2011 жыл), Қазақ хандығының  550 жылдығына арналған монумент, (Тараз, 2015 жыл), Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш (Қызылорда, 2018 жыл), Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова арналған ескерткіш (Астана, 2018 жыл) және тағы басқалар.  

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар