Түркияда Қазақстан Қарулы күштерінің 20 жылдығы аталып өтілді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы аталып өтілді.

Анкарада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығына орай бірнеше салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. «Swissotel ANKARA» қонақүйінде ресми қабылдау, қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт және Қазақстан туралы суреттер көрмесі өткізілді.

Елшіліктің ресми қабылдауында ТР Президенті аппаратының басшысы М.Исен, ішкі істер министрі И.Н.Шахин, қорғаныс министрінің орынбасары Х.К.Ярдымжи, Әділет және даму партиясының бас хатшысы Х.Ипек, Түркия Қарулы Күштерінің тылдағы бастығы, корпус генералы М.Четин,  Жандармерия штабының бастығы, корпус генералы Ф.Демирташ, «ТҮРКСОЙ» Бас хатшысы Д.Қасейінов, Анкарада тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшылары, ҚК Бас штабы мен Ұлттық қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, Түркия қорғаныс өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының, қоғамдық-саяси, ғылыми-академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің «Жігер» фольклорлық-этнографиялық, «Қосалқа» би топтарының және т.б. әртістерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарлама келген қонақтардың зор қызығушылығын туғызды.

Қабылдауға шақырылғандар біздің еліміз бен оның қарулы күштері туралы сурет және бейне материалдармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстан ҚК-нің 20 жылдығы құрметіне жасалған қабылдау Түркия мемлекеттік «ТРТ» телерадиокомпаниясынан тікелей эфирде берілді, сондай-ақ ТР орталық БАҚ-да баян етілді, сондай-ақ түрік және шетелдік азаматтардың үлкен ықыласын туғызды.

Соңғы жаңалықтар