Түркияда Қазақстан Елшілігінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралары жалғасуда

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Аталған іс-шаралар аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев халқының саны бойынша Түркияда үшінші орында тұрған Измир қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Елші провинция басшылығымен, «Гедиз» университетінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы және ректорымен, іскер топтар өкілдерімен сондай-ақ мәдениет қайраткерлерімен кездесіп, өнеркәсіп орындарын аралады. Сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ Елші Ж.Түймебаевтың «Канал35» телеарнасында тікелей эфирдегі телесұхбаты өткізілді.

Елшінің провинция губернаторы Мұстафа Айдынмен кездесуі барысында Қазақстан мен Түркия аймақтарының арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы, бауырластық байланыстарды дамыту, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері, түрік қаржысының қатысуымен Қазақстанда индустриалдық аймақтарды құру туралы, Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеден одағының жағдайында екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа түрлерін іздестіру сияқты мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

Қала мэрі Әзиз Қожаоғлымен 2009 ж. қазанда екі ел үкіметтері қол қойған Стратегиялық әріптестік туралы шарт шеңберінде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мэр Қазақстан экономикасының жоғары даму деңгейін атап өтіп, біздің еліміздің тәуелсіздік жылдарында Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктеріне қанағаттанғандық білдірді. Ж.Түймебаев мэрді провинцияның жетекші өнеркәсіпшілері мен іскер адамдарының қатысуымен Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды.

«Гедиз» университетінде қамқоршылық кеңесінің төрағасы Абдулла Кавукпен және ректор Мұхаммед Акдишпен кездесіп, білім саласындағы ынтымақтастық және «Гедиз» университеті мен қазақстандық университеттер арасында студенттермен және кадрлармен алмасу туралы сұхбат құрды. Елші қазақстандық білім беру саласының жетістіктері туралы ақпарат берді.

Сапар аясында Елші Ж.Түймебаев басқарған қазақстандық делегация Измирдің Ұйымдастырылаған өнеркәсіп аймағының (ҰӨА) өндірістік объектілеріне барды.

Кайсериге сапар барысында Елші Ж.Түймебаевтың, губернатор М.Билиджидің, Қазақстан мен Түркия іскер топтарының өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум болып өтті. Форумда сөйлеген сөзінде Ж.Түймебаев Қазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамалары, соның ішінде Қазақстанның 2011 жылғы ИКҰ және ШЫҰ-ға төрағалығы туралы ақпарат берді, Қазақстанда қабылданған жаңа индустриалдық-инновациялық бағдарламаның негізгі бағыттарын жария етті, шетелдік инвестицияларды салудың ықтималды салалаларын, соның ішінде нақты инвестициялық жобаларды белгіледі. Ол сондай-ақ түрік іскер адамдарын Қазақстанның 80 индустриалдық-инновациялық жобасымен таныстыра келіп, түрік өнеркәсіпшілерін Қазақстан Үкіметінің индустриалдық-инновациялық бағдарламасы мен Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында құрылған Кедендік одақ беретін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Ж.Түймебаев измирлік өнеркәсіпшілерді Қазақстанда әр түрлі жеңілдіктер мен артықшылықтар берілетін өнеркәсіп аймақтарын құруға қатысуға шақырды. Форум аяқталған соң қатысушылар Қазақстан туралы суреттер көрмесімен танысты.

Жалпы алғанда, Измир провинциясының басшылығы мен іскер және академиялық топтарының оң көзқарасын атап өту керек, кездесулер нәтижелері бойынша олардың тарапынан Қазақстанмен тығыз байланыстар орнатуға мүдделілік білдірілді.

Елшінің сапары ұлттық және аймақтық БАҚ-да кеңінен жария етілді.

Соңғы жаңалықтар