+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Түркияда «Қазақ үйі» жұмыс істей бастайды

2019 жылғы 31 шілде 20:49
Бөлісіңіз:
Түркияда «Қазақ үйі» жұмыс істей бастайды

ТҮРКИЯ. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті Талғат Адуов Түркиядағы қазақ диаспорасының құрметті өкілдері – қазақ қоғамдық бірлестіктерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда «Тұрақты ауыл» бағдарламасы әзірленуде «Отандастар» қоры Түркиядағы қандастардың бизнесімен танысты

Кездесу «Отандастар» қоры 30-31 шілде күндері Түркиядағы қандастармен ұйымдастырған бизнес-форум аясында өтті.

«Жүздесуде Талғат Адуов бұл сапардың Түркиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік байланыс орнату және оларды қолдау аясында өтіп жатқанын айта келе, қор президенті мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы басшысының сәлемін жеткізді», - деді қордың баспасөз қызметінен.

Қазақ диаспорасы тарапынан кездесуге Түркиядағы қазақтар қорларының басшылары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы қордан Ілияс Сақа, Қазақ-түрік қоғамдық ғылыми-зерттеу бірлестігінің төрағасы Серкан Динчтүрк, белгілі қоғам қайраткері Мансұр Тәйжі, профессор, қоғам қайраткері Әбділуақап Қара және Түркиядағы қазақ диаспорасының басқа да белсенді мүшелері қатысты.



Тараптар қазақ тілін қолдау және дамыту, Түркиядағы қазақ диаспорасы жастарының ҚР ЖОО-ларына түсуіне көмектесу, ұлттық мәдениет пен брендтерді сақтау, бизнес ұсыныстарды қолдау және дамыту, Қазақстанға инвестиция тарту және Түркияға қазақстандық экспортты ілгерілету мәселелерін талқылады.

Кездесудің құрметті қонағы ретінде Түркияның белгілі қоғам қайраткері, қазақ-түрік қатынастарын дамытуға үлес қосқан тұлға Нилгүн Меше сөз сөйледі.

«Талғат Адуов кездесу аясында Түркиядағы қазақ диаспорасымен серіктестік алаңын нақтылау маңызына тоқталып, осы орайда Қазақ үйін құру жобасының, сонымен қатар Қазақ үйінің құрамына кіретін, Түркиядағы қазақ диаспорасының мәдениеті мен бизнесін сақтау мен дамытуды мақсат тұтқан «Абай» мәдени орталығы мен «Атамекен» іскерлік үйінің іске қосылып жатқанын атап өтті. Сондықтан да Ыстанбұлдағы «Абай» мәдени орталығы мен «Атамекен» іскерлік үйі өкілдерін белгілеудің мәні зор», - делінген баспасөз баянында.

Қазақ диаспорасының өкілдері Қазақ үйін құру жобасын қолдады. Түркиядағы қазақ диаспорасымен бірге «Абай» мәдени орталығы мен «Атамекен» іскерлік үйі өкілдерін белгілеуге, сонымен қатар іскерлік және мәдени байланысты нығайту бойынша жұмыстарды жалғастыруға қол жеткізілді.



«Отандастар» қорының бірінші вице-президенті шара соңында диаспора мүшелері мен кездесуге шақырылған қонақтарға естелік кәдесыйлар тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT