Түркияда қазақ-түрік мәдени-білім беру орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Нийде қаласындағы Нийде Омер Халисдемир университетінде қазақ-түрік мәдени-білім беру орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕҰУ сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты тұсаукесер рәсімге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры - оқу ісі жөніндегі проректор Әсемгүл Молдажанова, ЕҰУ-дың интернационалдандыру және имидж орталығының директоры Сейит Әли Авджу, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ақбота Жолдасбекова және Нийде Омер Халисдемир университетінің басшылары қатысты.
null

Орталықтың ашылуы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Нийде Омер Халисдемир университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа бағдар болып табылады. Түркиядағы қазақ-түрік мәдени-білім беру орталығы Нийде Омер Халисдемир университетінің ректоры, профессор Мухсин Кар және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі департаментінің директоры Хулии Урунди ханым, Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык, сондай-ақ ҚР-дың Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлының қолдауымен құрылып отыр.

Болашақта бұл орталық екі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты үйлестіре отырып, халықаралық ғылыми-зерттеу жөнінде ғылыми конференциялар өткізеді, бірлескен бағдарламалар дайындап, қос оқу орнының ғалымдары ғылыми еңбектер жазады және бірлесе зерттеулер жүргізеді.

Сонымен қатар, қазақ-түрік мәдени білім беру орталығы алдағы уақытта жоғары білікті мамандар дайындайды: бұл бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер үшін өте пайдалы болмақ.

Айта кетейік, ашылу салтанатында инженерлік-техникалық сала бойынша Түркі әлемі университеттер конгресін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды. Түркияда өтетін бірінші конгресс 2019 жылдың басында Нийде Омер Халисдемир университетінде болса, ал екіншісі 2020 жылы Қазақстанда, яғни Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.

Сондай-ақ, осы күні екі университет арасында меморандумға қол қойылды. Енді академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында қос университеттің ғалымдары мен оқытушылары бірлесе жұмыс істеп, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік туып отыр.

nullnull

Соңғы жаңалықтар