Түркияда қауіпсіздік күшейтілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі 81 провинция мен оған қарасты аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында қосымша сақшылар мен әскери техникалар жұмылдырылатын болды. Әсіресе, полицейлер мен мемлекеттік күзетшілер, 31 желтоқсан күні халық көп шоғырланатын жерлерді, атап айтқанда  әуежай, сапаржай, сауда және ойын-сауық орталықтарында қадағалауды арттырады. Сондай-ақ,  ішкі істер министрлігі, қала көшелерінде орнатылған «қауіпсіздік бейне камераларының» жұмысын алдын ала тексеруден өткізді. Сонымен қатар, жаңа жылда жол полицейлерінің саны артады.

Айта кеткен жөн, әзірге мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған жоқ.

«Жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздіктің күшейтілгені дұрыс. Себебі ол күні дүкендер мен біз секілді кәсіпорындар түн жарымға дейін халыққа қызмет көрсетеді. Әр түрлі жағдай болуы мүмкін. Мұның алдын алу үшін тәртіп сақшыларының оны қадағалағаны жөн»,- дейді кәсіпкер Волкан Кабар. 

Соңғы жаңалықтар