Түркияда қалған сәбиді алдыруға санавиация ұшағын жібере аламыз - ҚР СІМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР СІМ қазақстандық отбасының Түркияда қалған  екі айлық сәбиінің  артынан санавиация ұшағын жіберуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Васильевтер отбасының мәселесін сыртқы істер министрлігі өз бақылауына алған.

«Қазір Түркиядағы клиника әкімшілігімен қызмет бағасын азайту үшін мәмілеге келіп жатырмыз. Түрік дәрігерлер  кеңесі сәбиді тасымалдау мәселесін жақын арада шешу керек. Егер олар баланың рейс ұшағын көтеретін жағдайы  бар десе, сондай-ақ арнайы борт қажеттілігін айтса санавиация ұшағын жібереміз»,-деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Өз кезегінде сәбидің анасы  белгісіз жомарттың қолына  20 мың доллар ұстатқанын айтты.

«Қазір мен  қызымды елге қайтару үшін сыртқы істер министрлігімен келісімге келіп жатырмын.  Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Түркия консулдығымен сөйлесудемін. Маған қызымның  жағдайын білу маңыздырақ. Менің белгісіз адамнан 20 мың доллар алғаным рас»,-деді Дарья Васильева.

Еске салайық, алматылық Дарья Васильева  нәрестесін Түркияда уақытынан ерте дүниеге әкелген. Салмағы  750 грамм болып туған қыз баланы босанған клиникаға берешегі үшін қалдырған. Сәбиін тастап  қайтып келген ата-ана ұшақ рейсінің таяп, оның үстіне ақшасыз қалғанын айтып ақталады. 25 шілде күні олардың қарызы  15 мың АҚШ долларына жеткен.

 

Соңғы жаңалықтар