Түркияда қалған сəби: Ата-анасы баланы елге жеткізу үшін ақша жинап жатыр

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Түркияда демалып жүргенде мезгілінен бұрын босанған Дарья Васильева сəбиін қайтару үшін ақша жинап жатыр. Дəлірек айтсақ, əлеуметтік желі арқылы жұрттан көмек сұрауға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Есепшот ашып, Инстаграм желісінде хабарлама жарияладық. Мұнымен менің достарым айналысуда. Шыны керек, әзірге ештеңе шығатын түрі жоқ. Біз қызымызды Қазақстанға əкелуге ниеттіміз», - деді Дарья Васильева.

Дарья Васильева Түркияда мерзімінен бұрын босанып қалған. Ол салмағы 750 грамм болып туған қызын ақылы клиниканың қызметін төлейтін ақшасы болмағандықтан сонда қалдырып кеткен. Нәрестесін тастап елге оралған ата-ана ұшақ рейсінің таяп, ақшасыз қалғанын айтып ақталады. 25 шілде күні олардың қарызы 15 мың АҚШ долларына жеткен. 

Қазақстандық СІМ айтуынша, қазір нəресте клиникада жатыр. Арнайы күтімді қажет етеді.

«Баланы Қазақстанға қайтаруға мүмкіндік бар. Бірақ алдымен ата-анасы қарызын қайтару керек. Сəбидің отбасына оның құжаттарын дайындауға көмектесеміз. Түркиядағы клиника басшылығымен келіссөз кезінде консулымыз барады», - деп мәлім ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар