Түркияда ішімдікке қарсы науқан басталды

None
None
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бауырлас елдегі Жасыл жарты ай қоғамы ішімдік саясатының ұлттық платформасын құрды. Бұл жайында haber7.com хабар таратты.

Аталмыш қоғам ішімдікті тұтынуға қатысты мониторинг жүргізіп, арақ-шарапқа қарсы насихат жұмыстарын бастады, әрі маскүнемдіктің алдын-алу жолдарын іздестірді. Бұл жайында УММА ақпарат агенттігі хабар таратты. Жасыл жарты ай қоғамының төрағасы Ихсан Қараманның айтуынша, жол-көлік және әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету оқиғаларының, өзге де қылмыс түрлері ішімдіктің әсерімен жасалатынын алға тартып отыр. Сол себепті, осындай шараны қолға алып отырғанын жеткізді.

muslim.kz сайтының жазуынша, Ішімдік саясатының платформасы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бастамасы бойынша құрылды. Олардың ішінде Жастар және спорт министрлігі, Отбасы және әлеуметтік саясат министрлігі, Жүректі қорғау қоры, Бауырды қорғау ұйымы, Жол қозғалысының ыстамбұлдық қоры және Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу қауымдастығы бар.

Соңғы жаңалықтар