Түркияда халықаралық «ТҮРКІСОЙ Опера өнері күндері» өтіп жатыр

None
None
СТАМБҰЛ. Маусымның 11-і . ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияда 13-ші халықаралық «ТҮРКІСОЙ Опера өнері күндері» өтіп жатыр.

Маусымның 11-12-сі күндері Солтүстік Кипрдің Гирнэ қаласында Түркітілдес елдердің мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым - «ТҮРКІСОЙ» мен Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен 13-ші Халықаралық ТҮРКІСОЙ опера өнері күндері өтуде.

Биылғы жылы дәстүрлі халықаралық ТҮРКІСОЙ Опера өнері күндері әдеттегідей Түркияның Мерсин қаласынан бастау алды. Бұл шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия, Хакасия т.б сияқты түркітілдес 9 елдің майталман әртістері қатысты.

Ізмір қаласының опера және балет театрының оркестр дирижері Әли Қожаның жетекшілігімен өнерпаздар әлем классиктерінің кеңінен танымал шығармаларын орындады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы Жұпар Ғабдуллина өз өнерін көрсетіп, ерекше көзге түсті. Еліміздің опера өнері мектебі өзінің жоғарғы деңгейін танытып, ғажайып әдемі дауысымен көрермендерді тамсандырып, жергілікті өнер сүйер қауымның жылы лебізіне бөленді.

ТҮРКІСОЙ Опера күндері 1994 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін дәстүрлі Мерсин қаласының опера және балет театры сахнасында ашылып, Солтүстік Кипрдің Гирнэ қаласында өз жалғасын тауып жүр.

ТҮРКІСОЙ-дың бас директоры Дүйсен Қасейінов «Мерсин түркітілдес елдердің опера өнерінің орталығына айналды. Әр жыл сайын Мерсин қаласының тұрғындары дәстүрге айналған аталмыш шараны асыға күтеді. Халықаралық ТҮРІКСОЙ опера өнері күндері болашақта тек Түркияның қалаларында ғана емес, сондай-ақ Еуропа елдерінде де лайықты орынын алады», деген сенімін білдірді.

Соңғы жаңалықтар