Түркияда халық саны 83 миллионнан асты

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркия халқының саны 83 154 997 адамға жетті, деп хабарлады сейсенбі күні Түркия статистика институты (TÜIK). Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

TÜİK мәліметінше, республиканың халық саны 2019 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1 151 115 адамға өскен.

Түркияда ерлердің үлесі 50,2 процентті құраған (41 721 136 адам), әйелдер саны - 49,8 процент (41 433 861 адам).

Халықтың жыл сайынғы өсу қарқыны 2018 жылы 0,014,7 пайыздан 2019 жылы 0,013,9 пайызға дейін төмендеген.

Қала халқының саны бір жылда 92,3 проценттен 92,8 процентке дейін өсті. Ауылдық жерлердегі Түркия халқының саны 7,2 процентті құрайды.


Соңғы жаңалықтар